Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

"Мұнайшы" стадионы қайта жаңғыртудан өтеді

Реконструкциядан кейін Атыраудағы спорт нысаны сегіз мыңнан астам көрерменді қабылдай алады. Қазір стадионның жобалық-сметалық құжаты толық аяқталды. Жоба аясында қолданыстағы үш трибуна бұзылып, олардың орнына заманауи жаңа мінберлер салынады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаңартылған стадионда күрес, бокс, таэквондо, теннис залдары; медициналық және массаж бөлмелері, VIP-аймақтар, конференц-зал, телестудия, оператор бөлмесі және жанкүйерлер үшін барлық қажетті жағдай қарастырылады.

Стадионда жылыту және автоматты суару жүйесі бар футбол алаңы салынбақ. Ол биіктігі 53 метрлік төрт жарықтандыру мұнарасымен жарықтандырылады. Сонымен қатар аумақ толық абаттандырылады.