Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда студенттердің қатысуымен ерекше телемост өтті (+ВИДЕО)

Атырау облысында мектеп оқушыларын, студенттерді және есірткі қылмысы үшін сотталған азаматтарды біріктірген ауқымды телемост өтті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі. 

Қатысушылар «жеңіл ақшаға» ұмтылудың соңы ұзақ мерзімге сотталу мен тағдырдың тәлкегіне айналатыны туралы шынайы оқиғаларды тыңдады. Іс-шара Zoom платформасы арқылы ұйымдастырылды. Оған Атырау облысы бойынша ҚАЖД №15 мекемесінің сотталғандары, сондай-ақ №2, 3, 33, 36, 41, 42, 50 мектептердің, М. Бекмұхамбетов атындағы мектептің оқушылары және бірнеше колледждің студенттері – Бизнес және құқық колледжі, С. Мұқашев атындағы политехникалық колледж, Сервистік колледж, Көлік және коммуникация колледжі, О. Көшеков атындағы аграрлық-техникалық колледж және Атырау музыка колледжі қатысты.

Сотталған азаматтар «жеңіл ақша» иллюзиясына алданып, есірткі қылмысы жолына түскендерін және соның салдарынан бостандығынан айырылғандарын ашық айтты. Олар кез келген қылмыс міндетті түрде жазаға әкелетінін және оның салдары өзіне де, отбасына да ауыр тиетінін ерекше атап өтті.

Профилактикалық телемостқа 800-ден астам студент пен мектеп оқушысы қатысып, саналы антинаркотикалық көзқарас қалыптастыруға қажетті маңызды ақпарат алды.

ВИДЕО ОСЫНДА...