Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Берекеде не боп жатыр?

Атырауда, нақтырақ айтқанда, Береке ықшамауданында қолына ара ұстаған азамат тұрғындарды шошытты, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Кеше, 15 ақпан күні сағат 23:40 шамасында Атырау қаласында «102» арнасына Береке ықшамауданындағы №24 тұрғын үйде өз-өзін қолында ұстай алмай жүрген ер адам туралы хабарлама түскен. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада оның қолында ара ұстап жүргені көрінеді. Оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жедел түрде барған. Тексеру барысында 1991 жылы туған ер адам анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, азамат токсикалық мас күйде болған.

Аталған дерек бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған бап дәрігердің тағайындауынсыз есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың баламаларын және күшті әсер ететін заттарды тұтыну жауапкершілігін көздейді. Іс материалдары мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.

 Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ