Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда 600 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды

2022–2025 жылдар аралығында Атырау облысы аумағында жалпы көлемі 584 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Бұл жұмыс Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 37-тармағы аясында жүзеге асырылған. ӨКҚ мәліметінше, өткен жылдың өзінде өңірде жалпы аумағы 61,6 мың гектарды құрайтын 106 жер учаскесі мемлекетке өткізілген. Оның 55,3 мың гектары – жайылымдық жерлер, 2,2 мың гектары – егістік алқаптар, ал 4,1 мың гектары өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер.

 

 

2026 жылға арналған жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен межеге сай өңірде игерілмей жатқан қосымша 40 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару көзделіп отыр.

 

  • Қайтарылған жерлерді қайта айналымға енгізу және ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады. Сондай-ақ пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және оларды заң талаптарына сәйкес мемлекет меншігіне қайтару шаралары тұрақты бақылауда, - деді Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Назкен Өтешова.

Фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ