Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраулық полицей адал қызметімен сүйсінтті (+ВИДЕО)

Әрбір тәртіп сақшысының қызметтік ұраны – «Адамдардың қалыпты өмір сүруі үшін мен не істей аламын?» деген сауалға нақты ісімен жауап беру. Осы ұстанымды берік ұстанып, өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқарып жүрген мамандардың бірі – Атырау қаласының учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Темірлан Асланұлы Ажханов, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Құқық қорғау саласында еңбек етіп жүрген жас маманның басты мақсаты – азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және өз әкімшілік аумағындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету. Темірлан Ажханов қызмет атқаратын аумақта 17 мыңнан астам тұрғын бар. Бұл – үлкен жауапкершілік жүктейтін көрсеткіш. Учаскелік полиция инспекторының жұмысы көбіне көзге көріне бермейді. Қоғам қауіпсіздігі тек көшедегі патрульмен ғана емес, құжат айналымының дәлдігімен, өтініштер мен арыз-шағымдардың уақтылы қаралуымен, алдын алу шараларының жүйелі жүргізілуімен де өлшенеді. Полиция пунктіндегі күнделікті қызмет – есеп жүргізу, азаматтарды қабылдау, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша талдау жасау, профилактикалық жұмыстарды жоспарлау сынды маңызды міндеттерден тұрады.

Темірланның жұмыс күні сағат 8:30-да басталады. Күн тәртібін жүйелі ұйымдастыру – оның кәсіби әдетіне айналған. Таңғы уақытты жүгіруге арнап, салауатты өмір салтын ұстануды да назардан тыс қалдырмайды. Спорт – оның хоббиі ғана емес, қызметке деген сергектігін арттыратын өмірлік қағидасы.

Жас маман бола тұра, ол жауапкершілік пен сабырлылықты басты орынға қояды. Қоғаммен тікелей байланыс орнату, әрбір өтінішке мұқият қарау, заң талаптарын бұлжытпай орындау – оның күнделікті жұмысының ажырамас бөлігі. Полиция пунктіндегі тиянақты, мұқият еңбек – аумақтағы тұрақтылықтың берік іргетасы.

Қоғам тыныштығы – көзге көрінбейтін, бірақ үздіксіз атқарылатын еңбектің нәтижесі. Осындай жауапкершілікті сезініп, адал қызмет етіп жүрген полиция аға лейтенанты Темірлан Ажханов – өз ісіне берілген жас мамандардың жарқын үлгісі.

БЕЙНЕЖАЗБА ОСЫНДА...