Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда кәсіпкерлерді қолдау аясы кеңейе түсті

«Іскер аймақ» бағдарламасы аясында басым ЭҚЖЖ тізімін кеңейту жұмысы жүргізілуде, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі. 

Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасында «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында жиын өтті. Кездесу барысында қатысушылар бизнес қажеттіліктері мен өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші тізімін жаңарту мәселелерін талқылады. Іс-шараға Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарының директорлары, облыстық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының өкілдері, сондай-ақ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Атырау филиалының мамандары қатысты, олар бағдарлама шарттарын толық түсіндірді. Жиында айтылғандай, қазіргі уақытта мемлекет тарапынан 18 экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бекітілген, оларға қолдау шаралары қарастырылған. Қазіргі уақытта қосымша ЭҚЖЖ тізімін бекіту бойынша жұмыс жүргізілуде. Осыған байланысты, Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүюнбаев аудандық филиал басшыларына жергілікті кәсіпкерлік ерекшеліктерін ескере отырып, қосымша ЭҚЖЖ тізімдерін ұсынуды тапсырды.  

«ЭҚЖЖ тізімін жаңарту «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын мемлекеттік қолдау шараларының нақтылығын және тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ұсыныстарды жинау және есепке алу жұмысы жалғасуда. Сондықтан ауыл кәсіпкерлігінің пікірлері ескерілетіндей белсенді қатысу қажет», – деді Нұрлан Сүюнбаев. 

Еске салсақ, «Іскер аймақ» бағдарламасы шағын бизнесті, әсіресе ауылдар мен шағын қалаларды кең көлемде дамытуға бағытталған, соның ішінде: жергілікті өндіріс пен шикізатты қайта өңдеуді ынталандыру, шикізатқа емес жұмыс орындарын құру, өңірлер мен бизнесті бірлескен жауапкершілікке тарту, өңірлік мамандандыруды енгізу (мысалы, «Бір ауыл – бір өнім» моделі). Бағдарлама аясында қаржылық, қаржылық емес және инфрақұрылымдық қолдау қарастырылған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ