Қазақстанның жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Астрахан университетінде жобаларын сәтті қорғады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
В.Н.Татищев атындағы Астрахан мемлекеттік унвиерситеті базасында Жас зерттеушілердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Қазақстанның медиакеңістігі: қазіргі үрдістері мен даму перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара ғылыми пікірталасты және «Креативті индустриялардағы медиатехнологиялар» білім беру бағдарламасы магистранттарының қорытынды мемлекеттік аттестациясын біріктірді. Қорғау форматы ерекше болды: классикалық диссертациялардың орнына қатысушылар тәжірибеге бағытталған жобалар мен кәсіби портфолиоларын ұсынды.

Шараға Астрахань облысының сыртқы байланыстар министрі Владимир Головков, Қазақстан Республикасының Астраханьдағы Бас консулы Канат Хасенов, Ресей СІМ-нің Астраханьдағы өкілдігінің атташесі Михаил Рудов қатысты.
«Бұл іс-шара бірегей, өйткені ол баршамыз үшін өзекті тақырыпқа арналған дөңгелек үстел форматындағы мемлекеттік қорғау болып табылады. Бүгінде медиа тек ақпарат жеткізу құралы ғана емес, сонымен қатар сенім қалыптастырудың, объективті күн тәртібін ілгерілетудің және елдер арасындағы экономикалық, гуманитарлық байланыстар мен мәдениетаралық диалогты нығайтудың маңызды алаңы.
Біздің өңір үшін бұл мәселе аса өзекті, себебі Қазақстан Республикасы Астрахань облысының негізгі серіктестерінің бірі саналады. Өзара ықпалдастықтың бір тетігі – медиа саласы, сондай-ақ көптеген мәселелерді біз Каспий медиафорумы алаңында талқылаймыз. Бұл дәстүрлі шара медиа саласының мамандары мен сарапшылары үшін байланыс пен коммуникация алаңына айналды.
Әріптестеріміздің, достарымыздың және серіктестеріміздің форумға тұрақты түрде қатысып, оның күн тәртібін қалыптастыруға белсенді атсалысатынына қуаныштымыз. Олар ұсыныстарын білдіріп, бастамалар көтеріп, Қазақстан Республикасындағы медиа саласы мен ақпараттық технологияларды дамыту тәжірибесімен бөлісіп келеді.
Астрахань мемлекеттік университетінің Ресей және басқа да мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан Республикасы үшін кадр даярлаудағы рөлін атап өткен жөн. Мұнда жоғары білікті мамандар кәсіби дағдыларын жетілдіріп, құзыреттерін арттырады. Алған білімдері болашақта ішкі ақпараттық күн тәртібін қалыптастыруға, қоғамдық диалогтың объективтілігін қамтамасыз етуге және ақпараттық өлшем мен халықаралық ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді деп сенемін», – деді Владимир Головков.
Түлектер құрамында Қазақстан Республикасының медиа саласында еңбек етіп жүрген 12 өкіл бар. Олардың қатарында әріптесіміз Амандық Сағынтайұлы да бар.

Ұсынылған жобалардың тақырыптары нақты басқарушылық және редакциялық міндеттерді қамтиды. Атап айтқанда, 24 KZ және «Жібек жолы» телеарналарының контент-стратегияларын әзірлеу және талдау, КазНУ имени аль-Фараби мерейтойына арналған имидждік фильмдер дайындау, сондай-ақ журналистерді құқықтық қорғау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу жұмыстары таныстырылды.

АГУ журналистика және медиакоммуникациялар кафедрасы оқытушыларының бағалауынша, топ жоғары кәсіби дайындық деңгейін және елеулі прогресті көрсетті. Жобаларды қорғау орыс тілінде өтті.

Дөңгелек үстел зерттеушілер мен медиа индустриясының практиктері арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, цифрлық трансформация жағдайында медиасаланы дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуге жол ашты.


