Атырауда полиция есірткі сату үшін интернет-дүкен ашқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Атырау облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Telegram әлеуметтік желісінде заңсыз есірткі интернет-дүкенін ашып, Атырау қаласы аумағында есірткі құралдарын таратумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Тексеру барысында 1994 жылы туған күдікті интернет-дүкенді басқарып, өзінен басқа заңсыз қызметке 5 адамды тартқаны анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.
Амандық АБДОЛ