Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраулық жол сақшылары қауіпсіздік шараларын күшейтті

Қыс мезгілімен бірге жолдағы қауіп те арта түсетіні белгілі. Қар, көктайғақ пен қалың тұман жүргізушілер үшін қозғалысты қиындатып, жол-көлік оқиғаларының туындау қаупін күшейтеді. Осыған байланысты Атырау облысының республикалық маңызы бар тас жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 

Қазіргі таңда жол сақшылары Атырау – Ақтөбе, Атырау – Астрахань, Доссор – Құлсары – Бейнеу және Атырау – Орал бағыттарында тәулік бойы патрульдеу жұмысын жүргізіп, жол жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Қолайсыз ауа райы кезінде полиция қызметкерлері көктайғақ пен тұман салдарынан қозғалысы қиындаған автокөліктерді сүйемелдеп, жүргізушілерге қауіпсіз бағыт-бағдар беріп, ескерту және түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруда.

Сонымен қатар, тас жолды кесіп өтетін шетел азаматтарына да қажетті көмек көрсетілуде. Жол сақшылары кез келген ауа райы жағдайында адам өмірі мен қауіпсіздігін басты орынға қойып, жолдағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін қызмет етуде.

Құрметті жүргізушілер! Ауа райы күрт өзгерген жағдайларды ескеру үшін алдын ала жолданатын 112 арнасының хабарламаларына назар аударыңыздар, жолда барынша мұқият болып, қауіпсіздікті бірінші орынға қойыңыздар.