Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау қаласының дамуы бойынша жаңа бас жоспар әзірленуде

 

 

Атырауда қалалық аудандарды құру мүмкіндігі 2040 жылға дейінгі жоспар бойынша ұсынылады. ҚР «Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Заңына сәйкес облыстық маңызы бар қаланың халқы 400 мыңнан асқанда қалалық аудан құруға мүмкіндік бар. Қалалық аудандарды құру туралы ұсыныс бас жоспар Үкімет қаулысымен бекітілгеннен және қала құрамына барлық ауылдық елді мекен енгізілгеннен кейін заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

 

Қазіргі уақытта Атырау қаласының дамуы бойынша жаңа бас жоспар әзірленуде. Жобалау жұмыстары 2024 жылғы мамырда басталып, мемлекеттік келісімдер мен сараптамаларды қоса алғанда 2026 жылғы желтоқсанға дейін жүргізіледі. Бағдарламаны іске асыру 2032 жылдан басталып, есептік кезеңі 2040 жылға дейін жоспарланған.

 

 

— Бас жоспар – қонысты дамытуды кешенді жоспарлауды айқындайтын және аумақты ұйымдастыратын негізгі қала құрылысы құжаты. Жоба аясында қала тіршілігінің барлық саласы бойынша бастапқы деректер жиналып, кешенді талдау жүргізілді. Қазір бас жоспардың жобалық шешімдерін нақтылау жұмыстары атқарылуда, – деді облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Гүлбаршын Арыстанова.

 

Қаланы біртұтас әрі жүйелі дамыту мақсатында Атырау қалалық әкімдігіне қарайтын барлық елді мекен қала құрамына енгізу туралы хаттамалық шешім қабылданды. Ресми деректерге сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтарда қала халқы 326 мың адамды, ал қала маңын қосқанда 422 мың адамды құрайды.