Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Жылыойда не болған?

Есірткі затын медициналық емес мақсатта тұтынғаны үшін әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сотта анықталғандай, 2025 жылғы 18 желтоқсанда дәрігерлік сараптамадан өткізу кезінде азамат Е.-нің ағзасында есірткі заты табылып, есірткі затын медициналық емес мақсатта тұтынғаны анықталды. Сот отырысында құқықбұзушы Е. кінәсін толықтай мойындап, әрекетіне өкінетінін айтып көрсетті.

Сот қаулысымен құқықбұзушы Е. кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза қолданылды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ