Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраулық аналарға не беріліп жатыр?

Атырауда 82 анаға мемлекеттік награда табысталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 25 тамыздағы №974 Жарлығына сәйкес, Атырау қаласы бойынша 82 ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларымен марапатталды.
 
Салтанатты шарада марапаттарды қала әкімінің аппаратының басшысы Айбек Кадралиев табыстап, аналарды құттықтады.
- Аналардың қоғамдағы орны ерекше. Сіздердің мейірімдеріңіз бен еңбектеріңіз елдің болашағына қосылған баға жетпес үлес. Бұл марапат – мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен алғыстың белгісі,- деді А.Кадралиев.

Шара соңы әсем әнмен өріліп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ