Бұл туралы біз қалалық әкімідіктен білдік, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
"Құрметті қала тұрғындары! Орташа жөндеу жұмыстарына байланысты 7 қазаннан бастап Әбілқайыр хан даңғылы мен Ғабдиев көшесінің қиылысы, Жарбосынов көшесінің Пушкин және С. Балғымбаев көшесі аралығы уақытша жабылады. Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз" делінген хабарламада.
Амандық АБДОЛ