Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

«Ақтөбе – Атырау – Астрахань» тасжолында жылдамдық шектеуі өзгерді

2025 жылғы 5 қазаннан бастап республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Атырау – Астрахань» автожолының 621–648 шақырым аралығында, яғни Атырау қаласынан шығаберістен Байшақа көпіріне дейінгі бөлігінде жаңа жылдамдық шектеуі енгізілді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Жол жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты бұл учаскеде енді бұрынғы *60 км/сағ* орнына *100 км/сағ* жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.

Осыған орай, жол-патрульдік полициясы жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға, басып озу кезінде барынша мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Әлия ЖАМИТОВА