Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Құжатсыз көлік басқарған...

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтКнің 612-бабының 4-1-бөлігі бойынша құқық бұзушы У.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы), деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 

Сотпен анықталғандай, 2025 жылғы 2 қарашада азамат У. көлiк құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап, Атырау қаласы, С.Бейбарыс көшесі бойында «DAEWOO NEXIA NS 150» маркалы көлік құралын басқарған.

 

 

У.-дың әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сауал қою хаттамасымен, бейнежазбамен толық дәлелденді.

 

 

ӘҚБтК-нің 612-бабының 4-1-бөлігінің санкциясында 70 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу не 15 тәулiкке әкiмшiлiк қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауаптылық көзделген.

 

 

Сот У.-ды ӘҚБтК-нің 612-бабының 4-1-бөлігімен кінәлі деп танып, оның бұрын салынған әкімшілік айыппұлды төлемегендігі, жұмыста жоқ екендігі ескеріле отырып, оған әкімшілік жаза ретінде 15 тәулікке қамаққа алу түріндегі жаза қолданылды.

 

Сот қаулысы заңды күшіне енді.