Құрманғазы ауданы Бірлік ауылында жаңа балалар ойын алаңы мен орталық саябақ пайдалануға берілді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
21 қараша күні Құрманғазы ауданының Бірлік ауылында «Каспий-Нефть» акционерлік қоғамының демеушілігімен қайта жаңғыртылған балалар ойын алаңы мен орталық саябақтың ашылу салтанаты өтті. Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, іс-шараға аудан әкімі қатысып, ауыл тұрғындарымен бірге жаңа нысандардың ашылуын арнайы атап өтті.
Аталған демеушілік жоба ауыл инфрақұрылымын жақсартуға, балалардың бос уақытын тиімді және қауіпсіз өткізуіне, сондай-ақ тұрғындардың жайлы демалуына жағдай жасауға бағытталған.
Құрманғазы ауданында мұндай қолдау бағытындағы жобалар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Сәуле МАҒАУ