Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда биыл 753 мың шаршы метрден астам үй пайдалануға берілді

Былтыр барлық қаржыландыру көздері арқылы 750 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған еді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі. 

Жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 753,3 мың шаршы метрге жетті. Әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар бағдарламасы аясында «NCOC» компаниясының қаржысымен Махамбет ауданының Махамбет ауылында, Исатай ауданының Аққыстау ауылында, Қызылқоғадағы Миялы ауылында, Құрманғазы ауданының Қадырқа ауылында және Мақат ауданындағы Доссор кентінде 60 пәтерлі үш қабатты үйлер салынуда.

Бұдан бөлек, 2024 жылы әлеуметтік осал топтарға 189 пәтер сатып алынды. Сонымен қатар қайтарымды қаражат есебінен 500 пәтер алынды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ