Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Жайық жағалауын қоқыстан тазартты (+ФОТО)

Ағымдағы жылдың 21 қарашасында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватының мамандары, Жайық–Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері және «Спецавтобаза» ЖШС өкілдері «Таза жағалау» шарасына қатысып, Жайық өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Акцияның мақсаты – халықты қоршаған ортаны қорғауға және елді мекендерді қоқыстан тазарту ісіне өз үлесін қосуға шақыру.

Іс-шараға 50 адам қатысып, нәтижесінде 500 келі тұрмыстық қалдық жиналды. Барлық жиналған қоқыс «Спецавтобаза» ЖШС арқылы полигондарға жеткізілді.