Исатай ауданы Аққыстау ауылында үш қабатты, 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы қарқын алды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Жобаның мердігері – «Жайық Сити» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «Алау Эксперт Инженеринг» ЖШС. Қазіргі кезеңде екінші және үшінші қабаттағы сыртқы блоктар орнатылып, қалыптарды алу, гидрооқшаулау және балкон тірек бағаналарын құю жұмыстары жүргізілуде. Шілдеде басталған құрылыс жоспар бойынша келер жылдың үшінші тоқсанында аяқталады деп күтілуде.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ