Заң мен тәртіп қағидасы аясында 21 қараша күні Махамбет аудандық мансап орталығының ұйымдастыруымен пробация қызметінде тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Іс-шараға Махамбет аудан прокуроры қатысып, жәрмеңкенің ашық әрі заңға сай өтуіне бақылау жүргізді. Мақсат — пробация есебіндегі азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету және олардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау.