Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау–Алматы пойызы енді күн сайын қатынайды

2025 жылғы 14 желтоқсаннан бастап №41/42 «Атырау – Алматы» жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі күнделікті режимге ауыстырылады. Бұл шешім батыс және оңтүстік өңірлер арасындағы көлік қатынасын күшейтуге, сондай-ақ, қысқы маусымда жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі Rail-news.kz-ке сілтеме жасап.

Пойыз құрамы жаңартылған купе және плацкарт типтегі 15-тен астам вагоннан тұрады. Бұл бағытпен бір рейсте шамамен 700 жолаушы тасымалданады.

Билеттер bilet.railways.kz ресми сайтында және барлық теміржол вокзалдарының билет кассаларында қолжетімді. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне тегін қоңырау шалуға болады. Пойыздардың нақты келу және жөнелту уақыты туралы ақпаратты tablo-railways.kz сайтындағы онлайн-табло арқылы қарауға мүмкіндік бар.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: rail-news.kz