«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына сәйкес 2025 жылғы 2 қараша күні Азғыр және Сүйіндік ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткен болатын, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, Меңдешов Думан Тұрарбекұлы 1994 жылы 5 қыркүйекте Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі–жоғары. 2018 – 2020 жылдары Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Сүйіндік ауылдық округінің тұрғыны.
Алғашқы еңбек жолын 2016 жылы Атырау қаласындағы «UCMAC» (ЮСИМАС) халықаралық ментальды арифметика академиясында нұсқаушы ретінде бастап, 2018 жылға дейін қызмет еткен. 2018-2020 жылдары «Сенім» элитарлы мектеп-балабақша кешенінде директордың оқу-ісі бойынша орынбасары болды. 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Батырбек ауылдық бастауыш мектебінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ