Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда бір мектептің 13 түлегі полицей болып жүр... (+ВИДЕО)

 
Облыстық полиция департаментінде бүгінде Д.Байбосынов атындағы №13 мектеп-гимназиясының 13 түлегі қызмет етіп жүр. Олар – қоғам тыныштығы мен халық қауіпсіздігін қорғау жолында еңбек етіп жүрген жас офицерлер, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Мектеп түлектері кәсіби мереке күні ұстаздарына арнайы барып, құрмет көрсетті. Ұстаздар шәкірттерін формалы киіммен, офицерлік шен тағып келгенін көріп, үлкен қуаныш пен мақтаныш сезімін жеткізді. Полицейлер өз кезегінде білім мен тәрбиенің берік іргетасын қалап, өмірлік бағыт-бағдар берген ұстаздарына алғыстарын білдірді. Олар тәртіп сақшысы болудың жауапкершілігі бала кезден алған тәлім-тәрбиемен тығыз байланысты екенін атап өтті.
  • - Шәкірттеріміздің ел тыныштығын сақтап, абыройлы қызмет атқарып жүргенін көру – біз үшін үлкен мақтаныш. Бұл – ұстаз еңбегінің жемісі, ата-ана тәрбиесінің нәтижесі. Жас офицерлерге адалдық пен жауапкершіліктен айнымай, ел сенімін ақтай берулеріне тілектеспін, – деді Д.Байбосынов атындағы №13 мектеп-гимназиясының ұстазы.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ