Атырау қаласында жылыту маусымын мерзімінен бұрын бастау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Қала әкімінің орынбасары Тілек Махуовтың тапсырмасына сәйкес, 1 қазаннан бастап әлеуметтік нысандар – мектептер, балабақшалар және медициналық мекемелер жылумен қамтылды. Ал 6 қазаннан бастап көпқабатты тұрғын үйлерге де жылу беріле бастады. Мұндай шешім ауа температурасының төмендеуіне, әсіресе түнгі салқынның күшеюіне және тұрғындардан түскен өтініштерге байланысты қабылданды.
Айта кетейік, жыл сайынғы жоспар бойынша жылыту маусымы әдетте 15 қазанда басталып, 15 сәуірде аяқталады. Қала әкімдігі нысандарды жылуға қосу барысы қалалық штабтың тұрақты бақылауында екенін мәлімдеді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: автор