Яна Легкодимованы қатыгездікпен өлтіргені үшін сотталғандар Қазақстандағы ең жабық әрі ең қатаң қорғалатын мекемелердің бірі — «Қара бүркіт» түрмесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтейді. Бұл Қостанай облысының Жітіқара қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан төтенше қауіпсіздік колониясы, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
«Қара бүркіттен» ешкім мерзімінен бұрын шартты босатылмайды. Мұнда елдегі ең қауіпті қылмыскерлер ұсталады.
2004 жылдан бері колонияда өмір бойына сотталғандарға арналған арнайы бөлім жұмыс істейді. Қазақстанда мұндай жаза өтелетін екі ғана орын бар, сондықтан мұндағы режим — барынша қатаң.
Белгілі сотталғандардың қатарында:
• Владислав Челах — «Арқанкерген» бекетінде 15 адамды өлтіру;
• Олег Власкин — Шымкентте үш адамды өлтіру;
• Руслан Күлебаев — Алматыда 10 адамды өлтіру;
• Игентай Сопыжанов — 3 жастағы баланы өлтіру;
• Сергей Наумцев — 15 жастағы мектеп оқушысын зорлап, өлтіру;
• Сайдолим Гайнозаров — 5 жастағы қызды зорлап, өлтіру;
• Игорь Дужнов — Алматыда бес адамды ату.
Енді осы тізімге Яна Легкодимованың өлімі үшін сотталған Ризуан Хаиржанов пен Алтынбек Катимов те қосылады.
Лия НҰРТАЙ