Атырау қаласы маңындаңы Береке шағынауданында жүргізушілер көшеде шалбарсыз жүрген ер адамды байқап қалған, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Оқиғаға қатысты мессенджерлерде жылдам хабар тарады. Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны – 1964 жылы туған азаматты жедел ұстады. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ер адам арнайы уақытша ұстау орнына орналастырылды.
Тексеру барысында азаматтың профилактикалық немесе медициналық есепте тұрмайтыны анықталды.
Атырау облыстық полиция департаменті тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және айналадағы адамдарға құрметпен қарауға шақырады.
Сәуле МАҒАУ