Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Астаналықтар Құрманғазының балықтарына таласып қалды...

Жуырда Елорда төрінде Атырау облысының ауылшаруашылық өнімдері ұсынылды. Ару Астана тұрғындары, әсіресе, Құрманғазы ауданының кәсіпкерлері ұсынған табиғи таза өнімдерді таласа алды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Астана қаласында өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Құрманғазы ауданынан бірқатар кәсіпорындар қатысып, елордалықтарға сапалы өнімдерін ұсынды. Аудан әкімдігінен білгеніміздей, аталған жәрменкеге, ауданымыздан "Каспий балық" ӨК, "Каспий таңы", "Тілекші", "Ш.Сүлейменов" ЖШС-гі балық пен балықтан дайындалған өнімдерін апарып, қолжетімді бағада, өз тауарларын ұсынды. Барлығы 13,5 тонна өнім апарылды.

Айта кетейік, бұл шара ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін танытып қана қоймай, тұрғындарды табиғи әрі сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ