Атырауда қала күніне орай жолдар жабыла ма?
- Details
- 03.10.2025
15 қыркүйектен бастап Атырауда киік етін жеткізу басталды. Алғашқы 15 күнде қала базарларында 50 тонна өнім өткерілді. Сауда 30 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Атырауда оралдық популяция санын реттеу мақсатында рұқсат етілген аңшылық аясында алынған киік етінің сатылымы басталды. Алғашқы екі апта ішінде қалада шамамен 50 тонна өнім өткізілді.
- Киік етінің бағасы килограмына 1800-2000 теңге аралығында. Сатып алушылар оны тұтас ұша түрінде де, бөлшектелген күйінде де ала алады. Өнімді Атыраудағы «Аламан» базарындағы арнайы киосктен табуға болады, - “Батыс.кз” ЖШС басшысы Серік Қапар деді.
Аңшылық маусымы мен өнімді өткізу қараша айының соңына дейін жалғасады.
Әлия ЖАМИТОВА
Фото: "AtyrauTODAY"