Атырауда қала күніне орай жолдар жабыла ма?
- Details
- 03.10.2025
Бүгінде жергілікті шаруа қожалықтарынан және Батыс Қазақстан облысынан жеткізілген сиыр етінің орташа бағасы — 2900-3100 теңге көлемінде, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Ал бөлшек сауда орындарында 3200–3300 теңге аралығында сатылып жатыр. Бұл туралы Атырау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Ризабек Мұсағалиев ӨКҚ алаңында мәлім етті. Үкімет қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне сәйкес облыс әкімдігі сиыр етінің сүйекті жауырын-төс бөлігінің бағасына тұрақты мониторинг жүргізеді.
⁃ Тұрақтандыру қорының «Айналым схемасы» шеңберінде белгіленген 11 сауда нүктесінде тұрғындар сиыр етін 2500–3100 теңге аралығында сатып ала алады. Ал апта сайын ұйымдастырылатын жәрмеңкелерде жергілікті шаруа қожалықтары өнімді 3000 теңгеден ұсынуда, - деді Р. Мұсағалиев.
Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, өңірде төрт түлік арасында жаппай ауру немесе карантин тіркелмеген.
Сәуле МАҒАУ