Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраулықтарды алаңдатқан ақпарат жалған боп шықты

Атырау қаласының әкімдігі тұрғындарды жүгіру фестивалі туралы фейк ақпаратқа сенбеуге шақырады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Атырау қаласының әкімдігі 15 қазан күні өтеді деп әлеуметтік желілерде тараған «жүгіру фестивалі» туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Аталған іс-шараны ұйымдастырушылар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық орындарда бұқаралық іс-шара өткізуге жергілікті атқарушы органдардан рұқсат алмаған.

Сонымен қатар, жарнамаларда қатысу ақысы – 5000 теңге деп көрсетілген, бұл азаматтарды шатастыруы мүмкін.

Атырау облысы әкімдігі қала тұрғындарын сақ болуға, бейтаныс тұлғаларға ақша аудармауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады. Рұқсат етілген іс-шаралар туралы ақпарат әкімдіктің ресми арналары арқылы қосымша хабарланатын болады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ