Атырауда Atyrau Marathon-ға байланысты жолдар уақытша жабылады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
5 қазан күні Атырауда өтетін 8-ші Atyrau Marathon-ға орай қаладағы көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Ұйымдастырушылар тұрғындардан өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды, деп хабарлайды AtyrauPress.
5 қазан күні сағат 06:00-ден 13:00-ге дейін қаладағы бірқатар көшелерде автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Шектеулер марафонның өтуіне байланысты енгізілмек.
Қозғалыс мына көшелерде жабылады:
-
Әбілқайыр хан даңғылы — Qazaq Oil жанармай құю бекетіне дейін;
-
Сәтбаев көшесі — Ерниязов көшесімен қиылысына дейін.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан түсіністік танытып, бағыттарын алдын ала жоспарлау сұралады.
Сәуле МАҒАУ
Фото: "Каспиан ньюс"