Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
- Details
- 09.10.2026
Тараз қаласында жедел медициналық жәрдем бригадаларының II республикалық чемпионаты басталды. Үш күнге жоспарланған додаға Қазақстанның барлық өңірлерінен үздік командалар, сондай-ақ шетелдік бес елдің өкілдері қатысып жатыр, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Атырауда Құттығай батыр көшесінің бойында көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Жиырма мың шақырымға жуық созылып жатқан Қазақстан темір жолының өн бойында оны күтіп-баптап, пойыздардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етіп отырған 47 жол дистанциясы бар. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Құлсары жол дистанциясы үздік атанып, ауыспалы туды жеңіп алды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі rail-news.kz-ке сілтеме жасап.
Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Ермұханов Исатай ауданына жұмыс сапарымен барып, аудандық Кәсіпкерлер кеңесінің көшпелі отырысын өткізді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
«Ауыл» партиясының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атап өтті.
Ол Президенттің дәйекті саяси бағыты мен ауқымды реформалары еліміздің дамуында жаңа кезеңге жол ашып, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңызын арттырғанын және қоғаммен ашық диалогты нығайтқанын атап өтті.
Күні бойы партия дауыс беру барысын бақылап, өңірлермен тұрақты байланыста болды. Қайрат Айтуғановтың айтуынша, сайлау тыныш, ашық әрі ұйымдасқан жағдайда, заңнама талаптарына сәйкес өтті.
Қайрат Айтуғанов «Ауыл» партиясының нәтижесін халықтың сенімі әрі үлкен жауапкершілік деп бағалады. Сондай-ақ сайлауға қатысқан барша қазақстандықтарға және партияға қолдау білдірген азаматтарға алғысын жеткізді.
«Сіздердің әрбір дауыстарыңыз – бізге бұдан да көп әрі жауапкершілікпен жұмыс істеуге берілген аманат. Сайлау аяқталады. Жұмыс жалғасады», – деді партия төрағасы.
Сайлаудың түпкілікті қорытындысын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы шығарады.
Экзитпол нәтижесі бойынша ЖСДП Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сайлауында сайлаушылардың 5% аса қолдауына ие болды.
Алғашқы болжамды нәтижеге байланысты ЖСДП төрағасы Асхат Рақымжанов, партияға сенім артқан барша қазақстандықтарға, сондай-ақ бүкіл сайлау науқаны бойы партияластармен бірге болған белсенділер мен еріктілерге шынайы алғысын білдірді.
Құрметті отандастар, қадірлі сайлаушылар!
Бүгін еліміздің саяси өміріндегі тарихи оқиға – алғашқы Құрылтай сайлауы өз мәресіне жетті, халқымыз өз таңдауын жасады.
Бұл Құрылтай – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды саяси реформаларының айқын нәтижесі, жалпыұлттық референдумда қабылданған халықтық Конституциямыздың жүзеге асуының нақты көрінісі.
Осы тарихи өзгерістердің заңды дәлелі ретінде өткен алғашқы Құрылтай сайлауы ашықтық пен әділдік қағидаттарына сай өтіп, азаматтарға өз таңдауын еркін жасауға мүмкіндік берді.
Барлық саяси партиялар ашық бәсеке жағдайында сайлауға қатысып, өз бағдарламаларын сайлаушыларға жан-жақты жеткізді.
Бұл – еліміздің саяси жүйесін жаңғырту жолындағы маңызды қадам әрі халықтың өз болашағын айқындауға тікелей қатысуының жаңа кезеңі.
«Ақ жол» Демократиялық партиясы осы сайлауға жан-жақты дайындықпен, мол тәжірибемен, мықты командамен және елдің ертеңіне бағытталған жаңашыл идеялармен қатысты.
Бүгінгі нәтиже біз үшін жай ғана пайыздық көрсеткіш емес. Оның артында «Ақ жолға» сенім артқан мыңдаған азаматтың үміті мен арманы, елдің болашағына деген нақты сенім тұр.
Сондықтан бізге артылған сенімнің салмағын терең сезінеміз.
«Ақ жолға» дауыс берген әрбір қазақстандықтың аманатын орындауға бар күш-жігерімізді саламыз.
Сайлаушылардың сенімін ақтау – басты міндетіміз.
«Ақ жол» демократиялық партиясы – елдің әрбір азаматының үні естіліп, еңбегі бағаланып, кәсібі дамып, отбасы мен балаларының болашағы берік болуы үшін бар күш-жігерін жұмсайды.
Біз осы жолда сайлаушыларымыз қолдау білдірген саяси бағдарламамыздың әрбір тармағын іске асыру жолында жұмыла жұмыс жасаймыз!
Алдымызда үлкен міндеттер тұр.
Еліміздің экономикасын күшейту, отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы жұмысымызды жалғастырамыз.
Бізге сенім білдірген барша азаматқа шын жүректен алғыс айтамыз!
Әрбір дауыс – ел тағдырына деген азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Бірлігіміз бекем, мақсатымыз айқын болсын!
Қазақстанымыздың болашағы жарқын болсын!