Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық қызметтердің қысқартылуы туралы қауесеттерді жоққа шығарды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Соңғы күндері әлеуметтік желілерде бірқатар медициналық қызметтердің қысқартылуы немесе шектелуі мүмкін екені туралы қауесеттер белсенді түрде таралуда. Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарып, түсініктеме берді.
Ведомствоның мәліметінше:
• Ешбір медициналық қызмет қысқартылмайды, тоқтатылмайды және шектелмейді.
• Жүргізіліп жатқан өзгерістер медициналық көмектің сапасын арттыруға, қаржыландыру тетіктерін жаңғыртуға және медициналық үдерістердің тиімділігін арттыруға ғана бағытталған.
• Медициналық көмектің барлық түрлері бұрынғы көлемде — мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек пакеті және МӘМС жүйесі аясында көрсетіле береді.
• Халыққа қолжетімді қызметтер тізімі қысқармайды — ол азаматтардың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, түзетіліп, жетілдіріле береді.
• Өз мәртебеңізді кез келген уақытта eGov порталы, Mobile Government қосымшасы немесе 1414 қысқа нөмірі арқылы тексеруге болады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жалған ақпараттың таралуы тұрғындарды жаңылыстыратынын атап өтіп, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.