Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда заңсыз тұрғын үй салған құрылыс компаниясы жауапкершілікке тартылды

Атырау қаласында Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Самал шағынауданы, 16-проезд мекенжайында орналасқан тұрғын үйге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Тексеру Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемесінің хаты негізінде ұйымдастырылды. Тексеру барысында үш қабатты тұрғын үйдің қажетті рұқсат құжаттарынсыз және жобалық-сметалық құжаттамасыз (ЖСҚ) салынып жатқаны анықталды. Осыған байланысты құрылыс салушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, басқарма заңсыз салынған тұрғын үйді бұзу немесе бөлшектеу туралы сотқа талап арыз жолдады.