Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда «Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталады

Жаңа жыл қарсаңында балауса қылқан ағаш түрлерін заңсыз кесудің, дайындаудың, тасымалдаудың және сатудың жолын кесу бойынша табиғатты қорғау органдарына көмек көрсету мақсатында Атырау облысы аумағында 15-31 желтоқсан аралығында «Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Іс-шара барысында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері орман алқаптары бойынша рейдтер жүргізеді. Полицейлер ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ