Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда 14 компания бос жұмыс орындары туралы деректерді жасырған

Атырау қаласында ірі мұнай-газ компанияларын қоса алғанда, 14 ұйым бос жұмыс орындары туралы ақпаратты жасырған, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Бұл туралы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері хабарлады. Мамандардың мәліметінше, аталған компаниялар 4 мыңнан астам адамды жұмысқа қабылдаған, алайда олардың шамамен 1,5 мыңы ғана enbek.kz порталы арқылы рәсімделген. Қалған қызметкерлер тікелей немесе компаниялардың өз ресми сайттары арқылы жұмысқа алынған.

Бос жұмыс орындарын орналастыру талабын орындамаған компаниялар Атырау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментіне жолданды.