Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Махамбеттегі ауруханада не болған?

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Махамбет аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-на қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 

Сотта анықталғандай, аудандық аурухана жоғары тәуекел дәрежесіне жататын объект болғандықтан, жыл сайын жоспарлы тексеріліс жүргізіледі.
Бару арқылы өрт қауіпсіздігі іс-шараларының орындалуы бойынша профилактикалық бақылау 2025 жылғы 25 ақпан - 5 наурыз аралығында жүргізіліп, 20 бұзушылық анықталып, оны орындауға 2025 жылдың 10 шілдесіне дейін уақыт берілген, 2025 жылғы 1 тамыздағы тексеру кезінде бұзушылықтардың сегізі орындалмағаны анықталды.

 

 

Сот отырысында аурухана өкілі кінәсін мойындап, жеңіл жаза қолдануды сұраған.

 

 

Сот аурухананың 20 бұзушылықтың 12 бұзушылығын орындап, яғни жойып, тек 8 бұзушылығының болуын ескеріп, ӘҚБтК-нің 829-11-бабының 2-бөлігіне сәйкес, салынатын айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызын қысқартып, «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Махамбет аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-на 1 376 200 теңге әкімшілік айыппұл жазасын тағайындады.

 

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ