Атырау облыстық инфекциялық ауруханасының директоры қызметіне тәжірибелі маман — Нұрбек Алексеевич Укибаев тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан білгеніміздей, Нұрбек Алексеевич – денсаулық сақтау саласында 25 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан білікті ұйымдастырушы, дәрігер-педиатр және кардиолог.
Еңбек жолын 2000 жылы кардиолог-дәрігер болып бастаған. Кейін Жылыой аудандық ауруханасының консультативтік-диагностикалық бөлімін басқарды.
2017–2022 жылдары Жылыой аудандық ауруханасының директоры болды. 2022–2025 жылдары Атырау қалалық №1 емхананы басқарды. 2025 жылдың тамызынан бастап – облыстық инфекциялық аурухананың директоры.
Білімі де, басқарушылық тәжірибесі де терең маман:
– Педиатрия мамандығы
– Кардиология бойынша қайта даярлау (1080 сағ.)
– Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік гигиена
– Пациентке бағытталған қызмет технологиялары
– Денсаулық сақтау менеджменті
– Медициналық ұйымдарды тиімді басқару (Мәскеу)
– MBA – Бизнес және басқару магистрі
Амандық АБДОЛ