Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда мас жүргізушілер азаймай тұр...

 

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы кезінде мас күйде көлік басқарған бес жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 

11–13 желтоқсан күндері аралығында Атырау облысының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Облыстық ПД мәлім еткендей, іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілерін тоқтату кезінде олардың жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғанын анықтады. Тексеру нәтижесінде бес жүргізушінің де мас күйде көлік басқарғаны белгілі болды. Аталған құқықбұзушылықтар бойынша барлық жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар рәсімделді. Мас күйде көлік жүргізу – жолдағы ең қауіпті әрі ауыр құқықбұзушылықтардың бірі. Мұндай әрекеттер тек жүргізушінің ғана емес, өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына да үлкен қауіп төндіреді. Осыған байланысты полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, рөлге тек сау күйде отыруға және жолдағы қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ