Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда түн ортасында ойын-сауық қуған жасөспірімдер көбейген (+ВИДЕО)

Атырауда «Қауіпсіздік» іс-шарасы аясында 50 құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

17–21 желтоқсан аралығында республика көлемінде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Қауіпсіздік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар тарапынан, әсіресе, кешкі және түнгі уақытта жасалатын құқық бұзушылықтардың жолын кесу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарында, ойын-сауық мекемелерінде, қоғамдық орындарда және тұрғын алаптарда рейдтік тексерулер жүргізуде. Нәтижесінде, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі яғни, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуының 50 дерегі тіркелді.

Полицейлер ата-аналар мен заңды өкілдерге балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау қажеттігін еске салып, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта бақылаусыз жүруі түрлі құқық бұзушылықтар мен қауіп-қатерлерге әкеп соғуы мүмкін екенін хабарлайды.

Амандық АБДОЛ