Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда мыңға жуық сайт бұғатталмақ...

Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмыстарының алдын алу және жолын кесу бағытындағы жұмыстарды ұдайы жүргізіп келеді. Соңғы тоғыз айда есірткімен байланысты 120 құқық бұзушылық, оның ішінде 67 қылмыс тіркелді. Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 180 келіден астам есірткі, аса ауыр санатқа жататын 3 келіден астам синтетикалық есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде заңсыз екі «фито зертхана», есірткі тасымалдаудың үш арнасының жойылды. Есірткілік мас күйде автокөлік жүргізген 40 тұлға жауапқа тартылды. Облыс аумағында есірткі тасымалдаумен айналысқан 25 күдікті ұсталды, оның ішінде тоғыз күдіктінің өзге облыстан келгені, ал, жасы кәмелетке толмаған бес күдікті - колледж студенттері мен мектеп оқушысы екені белгілі болды.

Полиция еріктілермен бірге 70-тен астам есірткі сайттарын жарнамалайтын граффити жазбаларын жойды. Күнделікті жүргізілген ғаламтор жүйесіндегі мониторинг арқылы есірткі жарнамалайтын 925 сайт анықталып, ІІМ-не бұғаттауға жолданды. «Антифрод» ақпараттық жүйесі бойынша 11 948 күдікті есеп шоттар анықталып, олардың 36 млн-нан астам қаражаты бұғатталды.

Жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында жыл басынан бері 738 нысаналы шаралар өткізілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар департамент басшылығының бақылауында және одан әрі жалғасуда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Сурет: бейнежазбадан скриншот