Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда 188 бала инфекциялық ауруханада жатыр

Облыстық инфекциялық ауруханада қазір 188 бала ем қабылдауда, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Бұл ақпаратты редакциямызға облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынды. Олардың арасында 65 бала – ішек инфекциясымен, 123 бала – жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары және пневмониямен жатыр.

Өңірдегі барлық емханалар мен медициналық ұйымдар күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. Фильтр-кабинеттердің жұмысы күшейтіліп, дәрігерлер демалыс күндері де науқастарды қабылдап жатыр. Қажеттілік туындаған жағдайда қосымша резервтік төсектер ашылады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ