Атырауда мектептердегі сабақтар онлайн форматқа тек ресми қаулы шыққан жағдайда ғана ауыстырылады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Қалалық білім бөлімі редакциямыздың сауалына берген жауабында мектептерді онлайн оқу форматына көшіру тек уәкілетті органдардың ресми қаулысы немесе тиісті негіздемесі болғанда ғана мүмкін екенін хабарлады.
Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты аурудың таралуының алдын алу үшін оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Барлық сұрақтар бойынша қалалық білім бөліміне 35-48-47 нөмірі арқылы хабарласуға болады.
Лия НҰРТАЙ