Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

6 мыңға жуық атыраулық жасөспірім полицияға жеткізілді 

Атырау облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар көбейіп келеді. Жыл басынан бері полиция бөлімшелеріне 6 мыңға жуық жасөспірім жеткізілген, олардың басым бөлігі — ата-анасыз түнде жүргендер, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Өңірде жасөспірімдердің қылмысы мен құқықбұзушылығы артып отыр. Тек жыл басынан бері полицияға жеткізілгендердің ішінде 5 мыңға жуығы — түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз жүргендер. Мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қауіп-қатерді азайту үшін полиция рейдтер жүргізіп, мектептердегі алдын алу жұмыстарын күшейтті. Атырау облыстық полициясының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Орынгүл Құшқалиева айтқандай, ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әр мектепке арнайы инспекторлар бекітілген.

Психологтардың айтуынша, баланы тек материалдық тұрғыда қамтамасыз ету жеткіліксіз — ең бастысы тәрбие мен психологиялық қолдау.

«Әр бала — жеке тұлға. Ата-аналар оның жас ерекшелігін, мінезін, қажеттіліктерін ескеруі тиіс», — дейді психолог Сәлима Нұрмұқашева.

Мамандардың пікірінше, жасөспірімдердің қауіпсіздігі тек полиция мен мектептің емес, ең алдымен отбасының жауапкершілігі болып табылады.

Сәуле МАҒАУ