Атырауда «Біртұтас ел — біртұтас жер» акциясы аясында сарбаздардың ата-аналарымен әсерлі кездесуі өтті. Елдің түкпір-түкпірінен келген жүздеген отбасы ұлдарын құшақтап, олардың қызметін өз көзімен көрді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Шара патриоттық рухқа толы болды: алғыс сөздер айтылып, оқушылар мен ардагерлер тілектерін білдірді, ал болашақ қорғаушыларды тәрбиелеген аналарға «Отан қорғаушының анасы» құрмет белгісі табысталды.
«Әрбір ер азаматтың Отан алдындағы борышын өтеуі — парыз», — деді Құлсары қаласынан келген Самал Мұханова. Оның ұлына әскердегі мерзімін аяқтауға небәрі 20 күн қалған.
Бұл кездесу бірлік пен ынтымақтың символына айналып, армияның күші — отбасының махаббаты мен Отанға деген сенімнен басталатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Сәуле МАҒАУ
Фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ