Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Ағза трансплантациясына 166 атыраулық мұқтаж

Атырауда ағза трансплантациясы бойынша оқыту семинары өтті. Іс-шараны Республикалық трансплантацияны үйлестіру орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Atyrau Today.

Жыл басынан бері Атырау облысының 8 тұрғыны ағза доноры атанып, әрқайсысы бірден 4–5 науқастың өмірін сақтап қалуға себеп болды. Алайда, бүгінде 166 адам ағза трансплантациясын жедел түрде қажет етеді.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанда жүрек, бүйрек, бауыр, ұйқы безі және сүйек кемігін трансплантациялау операциялары сәтті түрде жасалып келеді. Ең маңыздысы — бұл операциялар мемлекеттік квота аясында тегін жүргізіледі. Ал әлемнің көптеген елдерінде мұндай оталар үлкен қаржылық шығынды талап етеді.

Қазіргі таңда Атырау облыстық ауруханасы ресми түрде донорлық ұйым ретінде тіркелген. Егер ми өлімі тіркелген науқастың туыстары келісім берсе, бір донордың ағзалары 5–7 адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Аман ШАМАР

Фото: ru.freepik.com