Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда қай жерлер мемлекетке қайтарылуда?

Атырау облысында пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекеттік меншігіне қайтару жұмыстары ауқымды түрде жалғасуда, деп хабарлайды Atyrau Today.

Биыл 90 мың гектар жерді қайтару жоспарланып отыр. Бұл жерлер кәсіпкерлерге қайта игеру үшін бөлінбек. Аталған бастама «Жер аманаты» партиялық жобасы аясында жүзеге асырылып, ауыл шаруашылығын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңір экономикасын нығайтуға бағытталған.

Жер учаскелері электрондық конкурстар арқылы бөлініп, бұл үдерістің ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жерсеріктік технологиялар мен жасанды интеллект қолданылуда.

Мамандардың айтуынша, бұл жерлерді айналымға енгізу ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін арттырып, өңірдің тұрақты дамуына оң ықпалын тигізеді.

Аман ШАМАР