Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда «жайлы мектеп» жайсыз боп шықты ма? (+ФОТО)

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Жылыой ауданының Құлсары қаласында 1200 орындық мектеп салып жатқан «Turan Ascent» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Тексеру сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама талаптарының сақталуын анықтау мақсатында өткізілді. Нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нұсқама берілді.

Еске салайық, бұған дейін осы нысанда спорт залдың шатыры опырылып түсіп, содан кейін оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Тексеру барысында құрылыс нормаларына сәйкес келмейтін бірқатар фактілер анықталған.

Бақылаушы органдар бұл нысан – өңір тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы жоғары жоба болғандықтан, жағдай ерекше бақылауда болатынын атап өтті.

Сәуле МАҒАУ