Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Қазақстандықтар қазанда неше күн демалады?

2025 жылдың қазан айында қазақстандықтар жұмыс қарбаласынан біраз тынығып, ұзақ демалыс күндерінен ләззат ала алады. Бұған себеп — жыл сайын 25 қазанда аталып өтетін Республика күні, деп хабарлайды Atyrau Today.

Биыл бұл мереке сенбі күніне сәйкес келеді. Осыған байланысты, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, қосымша демалыс күні дүйсенбіге – 27 қазанға ауыстырылады. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасы бар азаматтар 25–27 қазан аралығында қатарынан үш күн демалады.

Демалыс күндері былайша белгіленген:

  • Бес күндік жұмыс аптасы: 25, 26 және 27 қазан – үш күн қатарынан демалыс.

  • Алты күндік жұмыс аптасы: 25 және 26 қазан – демалыс, 27 қазан – жұмыс күні.

Осылайша, қазан айында бес күн жұмыс істейтіндер 9 демалыс күніне, ал алты күндік кестемен жұмыс істейтіндер 8 демалыс күніне ие болады.

Бұл – қараша айының алдындағы тынығуға, отбасымен уақыт өткізуге немесе шағын саяхат жасауға тамаша мүмкіндік.

Сәуле МАҒАУ

Фото: автор