2025 жылдың басынан бері Атырау облысында 506 мүмкіндігі шектеулі адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өткен Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесте айтылды. Іс-шараға депутаттар мен салалық басқарма өкілдері қатысты, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Ұсынылған мәліметке сәйкес, жұмысқа орналасқандардың 137-сі тұрақты жұмысқа тұрса, қалғандары мемлекеттік қолдау аясында субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған.
Сондай-ақ жыл басынан бері мансап орталықтарына 1380 мүмкіндігі шектеулі азамат жүгініп, олардың 1324-і әлеуметтік көмек алғаны атап өтілді.
Кеңес барысында «Бастау» жобасының нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Аталған жоба аясында 156 мүмкіндігі шектеулі азамат оқудан өтті. Курсты аяқтағаннан кейін 54 қатысушы өз ісін дамыту үшін 400 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде мемлекеттік грант алып, бизнес-идеяларын жүзеге асыра бастады.
Сонымен қатар, кеңесте Президент Жолдауында айтылған жасанды интеллектіні дамыту және «Бақытты отбасы» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері де талқыланды.
Амандық АБДОЛ
Фото: ru.freepik.com